ҰҚШҰ миссиясы: Ресей армиясы Қазақстаннан кетіп жатыр (видео)

Ulysmedia

Видео қорғаныс министрлігінің телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамындағы бөлімшелерінің Қазақстаннан кетуі жалғасуда», - делінген видеоға түсіндірмеде.

Айта кетсек, Қазақстанға ҰҚШҰ күштері елдегі жаппай тәртіпсіздік пен террористердің Алматыға шабуылына байланысты кіргізілген болатын.