Мәсімовтың бауыры қызметінен босатылды – Еділов

Ulysmedia

Еділов онлайн телеграм арнасында Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімовтың бауыры – Павлодар облысында полиция департаментін басқарған Нұрлан Мәсімовтың қызметінен босатылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды», - деп жазды Еділов.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.