Шерзат ісінде сотталған Равиль Сәкиевтің анасы былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады.
- Сот шешімі жарияланғаннан кейін, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты. Олардың бірі - әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті. Полиция департаменті құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейтінін ескертеді, дейді полицейлер.
АЙТА КЕТЕЙІК
20 жылға сотталған Равиль Сәкиевтің анасы сот залынан шығып бара жатып боқауыз сөз айтқан болатын. "Қа...м басына келдіңдер ме? Естігілерің келіп тұрған сол ма? С..ка" деп залдан шығып кетті ол.
Бүгін Шерзат ісіне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шыққан болатын.
РЕПОРТАЖ
Ulysmedia.kz тілшісі сот процесіне қатысып, оқиға қалай өрбігенін баяндаған еді.