8 маусым күні кешке Алматының орталық көшелері уақытша жабылады

Сырым Қаржас
inbusiness.kz

Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін қаланың бірнеше орталық көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

ҚАЙ КӨШЕЛЕРДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ?

8 маусым күні сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін көлік қозғалысы мына көшелерде уақытша шектеледі:

  • Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін,
  • сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

– Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.