Журналист Саяна Санақова Instagram желісіндегі сторисінде кеше ғана көлік министрі қызметінен босаған Марат Қарабаевтың видеосын жариялады. Ол Грузияға ұшып барғаннан кейін ғана қызметінен босатылғанын білген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көлік министрімен ұшып барып, экс-министр болған кезінде жерге қондық. Бәріміз Поти қаласындағы терминалдың ашылуына бара жатырмыз. Қарабаев қызметінен босатылатынын өзі де білмеген сияқты, — деп жазды Санакова бейнежазбаның астына іліп, мысқылды пікір қалдырған.
Кейінірек Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Марат Қарабаев пен Маңғыстау облысының әкімі Грузияға іссапармен барғанын растады. Онда қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің қаржысына салынған жаңа контейнерлік терминалы ашылған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 30 миллион доллардан асады.
Қарабаевтың отставкасы туралы ресми ақпарат дәл сол күні – 10 маусымда жарияланған. Ол көлік министрі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бастап атқарған болатын. Бұл – сол кезде жаңадан құрылған салалық ведомство еді.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ
Қарабаевтың қызметінен кеткені туралы ақпаратты 8 маусымда Ақорда таратты.
Марат Қарабаев көлік министрі қызметін 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап атқарды.
2025 жылғы 14 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген. Сол жиында Марат Қарабаевқа жұмыстағы кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған еді. Сол жиында мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырған.
Айта кетейік, Марат Қарабаев үкіметтегі ең жас министр болды.
Ол 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.
2010 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – “Өндірісті-жүйелік инженерия” мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Экономика” мамандығы бойынша аяқтаған.