Қазақстанда доллар тағы тағы арзандады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 508,50 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,66 теңгеге төмен.

Қазір айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511 теңгеден сатып алынып, 514 теңгеден сатылып жатыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін доллар бағамының өсуі Қазақстандағы сауда көлемінің күрт төмендеуі аясында орын алғаны хабарланған еді.