Шерзат ісі: сотталушылардың біреуі рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Сымбат Сатыбалдина
Жоғарғы сот

Шерзат ісінде сотталушылардың бірі Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты. 

- Шерзат Полат ісін бәріміз қарадық. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан іс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Қалай болған күннің өзінде адам өліміне алып келген бап болса, егер бұзақылық бабы болса да адам өліміне әкеліп соқса онда рақымшылық қолданылмайды. Ал қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты хабарламау) бойынша бойынша жазаланса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін, – дейді Құспан. 

ДУМАН ЫСҚАҚ

Айта кетейік, әңгіме Шерзат ісінде сотталған кәмелетке толмаған Думан Ысқақ жайлы болып отыр. Ол қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

ҮКІМ

Биыл 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды. Судья Ержан Жанұзақов прокурор сұрағандай сотталушыларға 1,5-23 жыл аралығында түрмелік үкім кесті.