Қазақстанда доллар тағы арзандады

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

Жергілікті нарықтағы ірі ойыншылар шетел валютасын сатып алу көлемін азайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Сәрсенбі күнгі валюта саудасы қорытындысы бойынша USDKZT жұбы айтарлықтай өзгерген жоқ — бір доллар 508,32 теңгемен жабылды (–0,07 теңге).

«Соған қарамастан, сауда белсенділігі айтарлықтай артты – сауда көлемі 289,3 миллион долларды құрады. Бұл биылғы жыл басынан бергі орташа тәуліктік көрсеткіш — 237,6 миллион доллардан әлдеқайда жоғары. Бұл жергілікті нарықтағы ірі қатысушылардың импорттық келісімшарттарды төлеу және сыртқы міндеттемелерді өтеу/қызмет көрсету шеңберінде өз қажеттіліктерін өтеп, шетел валютасын сатып алу көлемін қысқартқанын көрсетуі мүмкін», – делінген АФК жариялаған талдауда.

Теңгеге белгілі бір деңгейде қолдау көрсетіп отырған тағы бір фактор – Ұлттық банктің шетел валютасын сату операциялары болуы мүмкін.

Бұған дейін де Қазақстандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл төмендеген еді.