Үндістанда ұшақ апатынан 110 адам қаза тапты: қазақстандықтар бар ма

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Үндістандағы әуе апатында қаза тапқандар саны 110 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Air India әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ахмедабад – Лондон бағыты бойынша AI171 рейсімен ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған. Апат Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында болған.

ЖОЛАУШЫЛАР

Ұшақ бортында барлығы 242 адам болған. Оның ішінде 230-ы – ересек жолаушылар мен балалар, 12-сі – экипаж мүшелері. Air India компаниясының мәліметінше, апатқа ұшыраған рейсте 169 Үндістан, 53 Ұлыбритания азаматы, жеті португалдық және бір канадалық болған.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР

TimesNow телеарнасының мәліметінше, кемінде 110 адам қаза тапқан. Аман қалғандар да бар, олардың нақты саны анықталып жатыр. NDTV хабарлауынша, бірнеше зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.