Қазақстанда кәсіпкерлерге қарапайым қате үшін айыппұл салынып жатыр

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер есеп тапсырудағы ұқыпсыздықтары үшін айыппұлға ұрынып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көптеген шағын жеке кәсіпкерлердің бухгалтері жоқ немесе олар аутсорсинг арқылы жұмыс істейді. Сондықтан, тіпті қарапайым болса да, бухгалтерияны кәсіпкердің өзі жүргізуге тура келеді. Digital Business мәліметінше, салық заңнамасында бір ерекшелік бар, оны жеке кәсіпкерлер “салықтық есептілік нысандары 910.00” тапсыру кезінде жиі елемей жатады. 

ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕ

Егер жеке кәсіпкер қаланың бір ауданында тіркеліп (мысалы, Алмалы ауданы), бірақ басқа ауданында тұрса (мысалы, Әуезов ауданы), декларацияны қалай дұрыс толтыру және салықты қайда төлеу керектігі туралы сұрақ туындайды. Салық декларациясы жеке кәсіпкер тіркелген мекенжай бойынша (Алмалы ауданы) тапсырылады. Бұл дегеніміз, салық органының коды жеке кәсіпкер тіркелген мекенжайға сәйкес көрсетілуі керек, ал салықтар (ЖТС және әлеуметтік салық) да сол ауданның салық органына төленуі тиіс. Әлеуметтік төлемдерге қатысты жағдай сәл өзгеше. Әлеуметтік төлемдер үшін төлем жасауға арналған жеке шот жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері бойынша, яғни тіркеу мекенжайы бойынша (Әуезов ауданы) көрсетіледі.

АЙЫППҰЛДАР

Декларацияда салық және әлеуметтік төлемдер кодын көрсетуге арналған жеке-жеке жолдар бар. Салық үшін – жеке кәсіпкер тіркелген жердің коды (Алмалы ауданы), ал әлеуметтік төлемдер үшін – тұрғылықты жердің коды (Әуезов ауданы) көрсетіледі. Егер салық органының кодтарын дұрыс көрсетпесеңіз, төлемдер жүйеде ескерілмей қалады және сізге салық берешегі туралы хабарлама келеді. Бұдан кейін айыппұл салынуы мүмкін.