Қазақстандағы екінші АЭС-ті қытайлық компания салады

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда тағы бір атом электр станциясының құрылысын Қытай басқаратын консорциум жүзеге асыратыны белгілі болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Атомдық энергия жөніндегі агенттігі Қытайдың CNNC компаниясы еліміздегі екінші АЭС құрылысын жүргізетін консорциумның жетекшісі болатынын растады.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін Ресейдің “Росатом” компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетіні де белгілі болды.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, 2025 жылғы ақпанда Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын анықталған еді. Алайда жобаны жүзеге асыратын жеткізуші немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Энергетика министрлігі бұл шешім биыл қабылданатынын мәлімдеді.

Қазақстанда АЭС салуға технология жеткізуші ретінде шорт-листке ресейлік “Росатоммен” қатар, Оңтүстік Кореяның KHNP, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары да енген.