Қостанайлық құтқарушылар Тобыл өзеніндегі қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бүгін, 15 маусымда таңертең Тобыл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар суда мас күйінде болған екі ер адамды байқады.
Олардың біреуі досын өз бетінше жағаға шығаруға тырысты.
Ведомствоның мәліметінше, жағдай қауiптi болған.
– Құтқарушылар жедел әрекет етті: бір адам судан жағалауға шығарылды, екіншісі өзі шықты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген хабарламада.
Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылғанын ескертті.
ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады: