Қазақстанда доллар неге күш ала бастады - сарапшылар түсіндірді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшылардың мәліметінше, апта соңында Қазақстандағы сауда белсенділігі орта деңгейде сақталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Апта теңгенің біршама әлсіреуімен аяқталды: 1 доллар үшін 512,10 теңгеге дейін өсті (+0,40 теңге).

- Айырбастау белсенділігі орташа деңгейде болды – доллармен жасалған сауда көлемі 237,9 млн долларды құрады (бұл көрсеткіш биылғы жылдағы орташа мәнге – 238,3 млн долларға жуық). Шетел валютасына сұраныстың артуы демалыс маусымының қызған шағымен, шетелдік инвесторлардың теңгелік активтерге салым жасауындағы құбылмалылықпен, импорттық жеткізілімдер үшін төлем қажеттілігімен және сыртқы қарыздарды өтеу міндетімен байланысты болуы мүмкін, деп мәлімдеді қаржыгерлер қауымдастығы.