Вице-премьер Роман Скляр журналистерге Қазақстанда салынуы мүмкін екінші атом электр стансасының вендері қашан анықталатынын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Вице-премьер екінші АЭС бойынша шешімнің бәрі күзге қарай шығады деген болжам айтты.
Күзде деп ойлаймын. Бұл мәселені созбайтын шығармыз. Сондықтан күзге қарай нақты цифрлар, қандай да бір деректер белгілі болатын шығар. Бәлкім одан ерте болуы мүмкін. Станса салынатын алаңның мәселесі де сол кезде белгілі болатын шығар, - деді Роман Скляр.
Скляр техникалық-экономикалық негіздеме мен жоба әзірленбей тұрып, екі АЭС-тің де нақты құнын ешкім айта алмайтынын жеткізді.
ҚЫТАЙ ЖӘНЕ АЭС
Қытайдың CNNC компаниясы Қазақстанда АЭС салу жобасын жүзеге асыру үшін Ресеймен бәсекелестігін жалғастырып жатқаны бұған дейін хабарланған. Бұған дейін сарапшылар Қытай Қазақстандағы ядролық жоба бойынша Ресейден басым түсіп келе жатқанын айтқан болатын. Мұндай қорытындыны қос тараптың "бағалық" ұсыныстарын зерттеген сарапшылар жасады.
Атомдық энергия жөніндегі агенттігі Қытайдың CNNC компаниясы еліміздегі екінші АЭС құрылысын жүргізетін консорциумның жетекшісі болатынын мұның алдында растады.
Ресейдің “Росатом” компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетіні де белгілі болды.