Атыраудың түтінге тұншығып жатқанына бір апта болды

Сырым Қаржас
Фото: ТЖМ

Атырау облысындағы табиғи резерват аумағында болған өртті сөндіру барысында 300 тоннаға жуық су төгілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін ТЖМ авиациясы өрт аумағына 20 рет су төгу операциясын жүргізген.

– Жалпы өртті сөндіру басталғалы бері тікұшақ арқылы 96 рет су төгілді. Төгілген судың жалпы көлемі 288 тоннадан асты, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

ӨРТ

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Жаңабаев 13 маусымнан бастап Атырау облысында құрылған жедел штабтың тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, «Ақжайық» МТР әкімшілігінің, орман шаруашылықтарының және мердігер ұйымдардың күштері мен техникасы жұмылдырылған.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыстың өртенуіне жайлы түсіндіруге тырысқан болатын

ӘКІМДІ СЫНАУ

Еске салайық, бұған дейін адвокат Нұрлан Жолболов Атыраудағы ауаның ластануына алаңдап, облыс басшысы Серік Шәпкеновтің отставкаға кетуін талап еткен болатын.