Қазақстан Ресеймен АЭС салуға байланысты жол картасына қол қойды

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Қазақстан Ресеймен АЭС бойынша жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейдің РИА Новости басылымы Қазақстан мен Ресейдің атом электр станциясын салу туралы жол картасына қол қойды деп жазды. Ол Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында болған.

Құжатқа Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясының бас директоры Алексей Лихачев қол қойған. Тараптар жобаны нақтылау кезеңіне көшкен.

14 маусымда атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салатын халықаралық консорциум көшбасшысы Ресейдің «Росатом» компаниясы болатынын мәлімдеген. Кейіннен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Астанаға сапары қарсаңында екінші атом электр станциясын салатын консорциум басшысы Қытай болатыны айтылған.

Бұл ақпарат қоғамда қызу талқыланып, АЭС салуға қарсы сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері атом электр станциясын Ресейдің салуы Қазақстанды Мәскеуге кіріптар етеді деген. Бірақ Алмасадам Сәтқалиев «АЭС толықтай Қазақстанның иелігінде болады. «Росатомды» таңдауда ешқандай саяси астар жоқ» деген.

Ulysmedia АЭС мәселесін зерттеп көрген. Ол материалды мына жерден оқи аласыз: «АЭС құрылысы Ресейге тәуелділік пе, энергетикалық қажеттілік пе?».