Доллар 400 теңгеге дейін құлдырай ма - сарапшы үш негізгі себебін атады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржылық сарапшы Нұрғали Нұрмахамбетов алдағы уақытта АҚШ валютасының айтарлықтай арзандайды деп болжайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮШ НЕГІЗГІ ФАКТОР

Сарапшының айтуынша, доллардың арзандауын тек өзі ғана емес, ірі халықаралық инвестициялық ұйымдар – Citigroup пен JPMorgan да болжайды. Нұрмахамбетов доллар бағамының 400 теңгеге дейін төмендеуіне үш себеп әсер етуі мүмкін екенін айтты.

– Үш негізгі фактор бар: біріншіден, Ақ үй әкімшілігінің қазіргі жаңа саясаты доллардың құнын төмендетіп жатыр. Екіншіден, пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін, бұл – ФРЖ-ге (Федералдық резерв жүйесі) қысымды арттырады. Үшіншіден, ең маңыздысы – АҚШ-тың өсіп жатқан мемлекеттік қарызы, бұл инвесторлар арасында алаңдаушылық туғызуда. Бірақ Қазақстанның ішінде жағдай мәз емес қой" деуіңіз мүмкін. Оның маңызы жоқ. Маңыздысы – доллардың әлемдік нарықтағы құны, ал ол алдағы уақытта әлсірейді, – деді сарапшы Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

Қазіргі таңда Қазақстандағы валюта айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары шамамен 521–523 теңге көлемінде саудалануда.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов соңғы күндері доллар бағамының күрт өсуінің негізгі себептерін атады