Шымкентте терроризмді насихаттады деп айыпталған күдікті жеті жылға сотталды

Ulysmedia
Фото: ҰҚК

Шымкентте терроризмді насихаттады деп айыпталған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдікті сот шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

– Оның айналасындағыларды кісі өлтіруге шақырғаны және діни себептермен зорлық - зомбылықты ақтағаны анықталды, – делінген хабарламада.

Бұдан өзге, комитет мәліметінше, Ақтөбе және Атырау облыстарында діндарлар арасында терроризмді насихаттады деген айыппен екі адам 7 және 6 жылға сотталған.

– Күдіктілердің соттылығы болған және террористік аймақтарға шығу әрекеттері болған, - делінген ҰҚК ақпаратында.

Жыл басынан бері терроризм және экстремизм айыптары бойынша 52 адам сотқа тартылған. Оның ішінде 2 шетел азаматы бар. Бұдан өзге, тағы 52 адамның үстінен тергеу жұмыстары жүріп жатыр.