Қытай автокөлік өндірушілері 5 жылдан бері Қазақстанға ескі көліктердің орнына жаңа көліктер тасымалдаған. Осылайша олар Пекинге экспорт көлемін артық көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Reuters агенттігі Қытай автокөлік дилерлері мен көлік сатушыларының құжаттарын зерттеген. Кейінгі бес жылда жүрілмеген, жаңа көліктер Ресей, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдеріне жүрілген көлік ретінде сатылған. Оның ішінде Қазақстанға да экспортталған.
ЖҮЙЕ ЖҰМЫСЫ
– Жүйе келесідей жұмыс істейді: экспорттаушы жаңа көлікті тікелей өндірушіден немесе дилерден сатып алады, оны қытайлық нөмірмен тіркейді, содан кейін оны бірден шетелге жөнелту үшін пайдаланылған деп белгілейді. Автоөндіруші сатуды және кірісті тіркейді, - делінген Reuters материалында.
БИЛІКТІҢ ҚОЛДАУЫ
Reuters-тің жазуынша, Қытайдың аймақтағы биліші автомобиль өндірушілерінің бұл жүйесінқолдаған. Олар бұл ресми Пекин алға қойған экономикалық өсу мақсаттарына жету үшін қажет деп санаған.