Алматыда 8 мыңға жуық студент жатақханасыз қалуы мүмкін - министрлік

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Алматыда 8 мыңға жуық студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Әкерке Абылайхан брифинг барысында биылғы жылы 7-8 мың төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, басқа өңірден келетін студенттерді хостелдерге орналастыру ұсынылуы мүмкін.

- Алдын ала деректер бойынша, Алматы қаласында орын тапшылығы шамамен 7-8 мың болуы мүмкін. Бұл ретте жоғары оқу орындары студенттерді тек студенттік жастар тұратын хостелдерге орналастыру бойынша келісімшарттар жасай алады. Бұл - алдын ала мәліметтер. Өздеріңіз білесіздер, қазір ҰБТ өтіп жатыр. ҰБТ нәтижелері бойынша құжат қабылдау басталады, әрі қарай жағдайды бақылаймыз, - деді ол.