Жоғары соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Сенат Жоғары соттың екі судьясын қызметінен босатуға дауыс берді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Сенат депутаттары Жоғары соттың судьялары Әмір Сарманқұлұлы мен Герман Нұрбаевты қызметінен босатуға дауыс берді. Мәселені алдын ала сенаттың профильдік комитеті қараған.

Досжан Әміров 1962 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Сот жүйесіндегі мансабын 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысында бастаған. Әр жылдары  Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының соттарын басқарған. Жоғарғы сотқа 2022 жылдың маусымында келген.  

Герман Нұрбаев 1968 жылы дүниеге келген. ІІМ-де кейіннен адвокат болып жұмыс істеген. Жоғарғы сотқа 2021 жылдың маусымында келген.