«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені (ҒЗК) арқылы жыл сайын қанша зымыран ұшырылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2028 жылдан бастап Ресей «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенінен жыл сайын кемі үш зымыран ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір «Бәйтерек» кешенінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, алғашқы сынақтық ұшыру осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
2027 жылға дейін сынақ сапары жоспарланған. Ал 2028 жылдан бастап жыл сайын 4 зымыран ұшырылмақ, оның үшеуіне Ресей тарапы кепілдік беріп отыр. Жалпы, «Бәйтерек» жобасы бойынша өзара іс-қимыл Ресеймен жасалған жеке үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып жатыр, – деді Мұсалиев.
АНЫҚТАМА
«Бәйтерек» жобасы Байқоңырда Қазақстан мен Ресей арасындағы 2004 жылғы келісімге сәйкес іске асырылып жатыр. Құжат жаңа ғарыштық зымыран кешенін құруды қарастырады, ол арқылы ресейлік «Союз-5» зымыран-тасығышын ұшыру көзделген. «Бәйтеректі» толыққанды пайдаланудың басталуы 2028 жылға жоспарланған. Бұған дейін кешеннен 2025 жылдың желтоқсанында сынақтық ұшырулар басталмақ