АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Гуатанамо түрмесінен 5 тұтқынды босатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
24kz-ның мәліметінше, Олардың арасында Йеменнің 3 және Кения мен Сомалидің бір-бір азаматы бар. Олар осыдан 20 жыл бұрын 2001 жылдың 1 қыркүйегінде «Әл-Каида» лаңкестік ұйымының АҚШ-қа жасаған шабуылына қатысты деген айыппен қамалған болатын. Бірақ содан бері аталған 5 адамның ешбіріне ешқандай айып тағылмаған.
Пентагонның жүйелі тексеріс кеңесі бұл тұтқындардан АҚШ-қа келер қауіп жоқ деген ұйғарым жасаған.