18 жастағы мектеп түлектерін әскерге бірден алып кетуге бола ма

Сырым Қаржас
gov.kz

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектерді мектеп бітіру кешінен кейін бірден әскерге алып кетіп жатыр деген ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Егер бала мектепті 18 жасында бітірсе, ал жоғары оқу орнына (ЖОО) әлі қабылданбаса, оны әскерге алып кете ала ма? Бұл сұрақты қазіргі таңда мыңдаған қазақстандықтар қойып отыр.

– Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, білім беру ұйымдарында жалпы орта білім алып жатқан азаматтарға оқу кезеңіне шақырудан кейінге қалдыру құқығы беріледі. Мектепті аяқтаған азаматтар 1 қыркүйекке дейін оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие, себебі күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қыркүйектен басталады.

Естеріңізге саламыз, аталған заңның 31-бабына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруға 18 бен 27 жас аралығындағы, шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ азаматтар жатқызылады. Олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау үшін қажет мөлшерде шақырылады, – деп түсіндірді полковник Мейрамбек Сақып, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, шақыру және әскерден тыс жұмыс басқармасының бастығы «Диапазон» басылымына берген сұхбатында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстанда әскерге шақыру тәртібін өзгерту жоспарланып жатқанын айтқан болатын