Қазақстан Израиль мен Ираннан азаматтарды эвакуациялауды аяқтады

Сырым Қаржас
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Израиль, Иран, БАӘ және Қатардан азаматтарды кең ауқымды эвакуациялау шарасының аяқталғанын хабарлады. Елге 2,2 мыңнан астам адам оралды, деп хабарлайды UIysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялаудың кезекті кезеңінің сәтті аяқталғанын мәлімдеді. Операцияға елшіліктер, мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестер қатысқан.

ИЗРАИЛЬ ЖӘНЕ ИРАН: ЭВАКУАЦИЯ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

25 маусымда Қазақстанның Израиль мен Мысырдағы елшіліктері 37 адамның елден алып шықты. Олардың ішінде Қырғызстан мен Ресей азаматтары да бар (13 адам). Бұл топ Каир – Шымкент бағытындағы SCAT әуе рейсімен елге оралды. Израильден барлығы 103 адам эвакуацияланды.

Ираннан жағдай ушыққан кезде 233 қазақстандық елге жеткізілді. Олардың 135-і Түрікменстан арқылы, 25-і Әзербайжан арқылы, 73-і Армения арқылы шығарылған.

Қатар мен БАӘ-де әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты көп азамат елден дер кезінде шыға алмай қалды. Бұл ретте консулдық қызметтер визалық және көлік мәселелерін шешуге көмектесті.

24-27 маусым аралығында дипломатиялық өкілдіктердің көмегімен 1 900-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.

СІМ Иран, Израиль, Түрікменстан, Мысыр, Әзербайжан, Армения, БАӘ және Қатар билігіне жедел көмек пен ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Израильден – 103 адам,
  • Ираннан – 233 адам,
  • Қатар мен БАӘ-ден – 1900-ден астам адам эвакуацияланды.