2021 жылы Қазақстандағы банктер мен айырбастау пункттері жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32 326 құйма сатты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында жалпы салмағы 107,4 келі болатын 3274 өлшенген құйма сатылған.
Халық үшін тазартылған алтын құймаларын сату және өтеу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосты. Іске қосылғаннан бері жалпы салмағы 2,7 тонна болатын 74 905 алтын құймасы сатылған.
Сатып алушылар арасында 2021 жылы ең танымалы салмағы 10 г болатын алтын құймасы. 2021 жылғы жалпы сатылымдағы үлесі 29% - 9521 дана. Одан кейін 100 граммдық – 6636 дана (21%) – және 5 граммдық – 6136 дана (19%), 50 граммдық – 5265 дана (16%), 20 граммдық – 4768 дана (15%). Негізінен, өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.