Қарағандыда Боранбаевқа тиесілі болған фармкешеннің тағдыры не болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров Қарағандыда кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған фармацевтикалық компанияның қазіргі жай-күйі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің сөзінше, компания қазіргі таңда мемлекет меншігі емес. 

- Құрылтайшыларына байланысты қосымша ақпарат қажет болса, біз оны ұсынуға дайынбыз. Иә, бұл мемлекеттік ұйым емес, бірақ оның тәжірибесі жеткілікті. Комбинат бүгінгі таңда бірыңғай дистрибьютор тізімінде белгілі бір позицияларды иеленіп отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекет есебінен өтелетін дәрі-дәрмек тізіміне де енгізілген. Бұл өндірушінің өнімдеріне қатысты қандай да бір ресми шағымдар жоқ, дейді министр. 

КОМПАНИЯ ҚАНДАЙ ӨНІМДЕР ШЫҒАРАДЫ

Министр Әлназарова компания негізінен қандай өнімдер шығаратынын айтты. 

- Қосымша ақпаратты кейінірек нақтылап айтамын. Мысалы, онкологиялық препараттар мен инсулин түрлерін шығарады. Инсулиннің бірі – амбулаториялық деңгейде пациенттерге тегін медициналық көмек аясында берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне енген, яғни ол Қарағанды фармацевтикалық кешен арқылы бірыңғай дистрибьюторда тіркелген. Сондықтан, жалпы алғанда, комбинат жұмыс істеп тұр, және біздің тарапымыздан бұл өндірушіге қатысты ресми шағым жоқ, дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.