«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы бастығы қамауға алынды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Антикордың хабарлауынша, отставкадағы генерал-майор кәсіпкердің аса ірі көлемдегі қаражатын қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып иемденді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұл ақшаны Қазақстандағы әлеуметтік жобаларға инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға көмектесемін деп, министрліктер мен шетелдік серіктестер атынан уәде берген.

Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров бұдан басқа мәлімет таратқан жоқ. Генералдың есімін де атамады.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.