Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов брифинг барысында Талдыкөлден судың заңсыз сорылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Дұрыс айтасыздар, бізге соңғы инспекцияға хат келіп түсті. Қазір сол инспекция аясында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталған соң, сіздерге бірден хабарлаймыз. Мұндай тексеруді 1-2 күнде аяқтау мүмкін емес. Өте көп іс-шаралар жүргізілуі керек. Барлығы орындалған соң, нәтижесін айтамыз, – деді министр.
ТЕКСЕРУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР
– Жаңа Су кодексі аясында соңғы инспекцияға көптеген функциялар берілді. Олардың ішінде бақылау, жедел әрекет ету сияқты міндеттер бар. Бұл, ең алдымен, су пайдаланушылардың заң талаптарын бұзбауы үшін қажет. Қазір заңнамаға өзгерістер енгізілді – жауапкершілік күшейтілді. Айыппұлдар да өсті. Ірі нысандар үшін бұл айтарлықтай сома. Сондықтан қандай да бір құқықбұзушылық орын алса, міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл біріншіден. Ал кейбір жағдайлар Қылмыстық кодекспен де қарастырылып отыр. Яғни заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделген құқықбұзушылықтар да бар, – деді Нұржан Нұржігітов.