Қазақстан киік етінен жасалған шұжық шығара бастады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Орал қаласында ақбөкен етінен шұжық шығаратын шағын өндіріс іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

mgorod.kz мәліметінше, эксперименттік шұжық өндірісін Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жас ғалымдары қолға алды. Ақбөкен етінен дайындалатын шұжыққа 30% құс еті қосылады.

Ғалымдар технологияны жетілдіру және дайын өнімнің сапасын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әсіресе терминалдық өңдеудің дұрыстығына және шұжықтың адам денсаулығына зиян келтірмеуіне ерекше назар аударылуда.

Университет оқытушысы Айдана Бекбусинова рецепт әзірлеу аспектілерін зерттеген. Ол мұндай шұжықтың басты ерекшелігін атап өтті.

– Фаршқа дәстүрлі дәмдеуіштер: тұз, бұрыш, сарымсақ қосылады. Зерттеу барысында ақбөкен етінің өте шырынды екенін байқадық. Дайын өнім тоңазытқышта екі аптаға дейін сақтала алады, – дейді магистр Айдана Бекбусинова.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Қазақстанда киіктерді ату мәселесі әлі қызу талқыланып жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді табиғи ортадан қанша мөлшерде алып тастау жоспарланып отырғанын айтты. Министрдің сөзінше, елде 800 мың бас киікті ату ұсынылған