Қазақстандықтар бес күн бойы ақша аудара алмауы мүмкін: себебі

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Егер ақша аударымы күмәнді деп танылса, ақшасын 5 күн бойы пайдалана алмауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Digital Business мәліметінше, 2026 жылдан бастап банктер, төлем ұйымдары және ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері байқалған жағдайда қаржылық операцияларды бес жұмыс күніне дейін тоқтата алады. Қазір мұндай бұғаттау мерзімі ең көп дегенде үш күнмен шектеледі.

БӘРІ ЗАҢДЫ

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 30 маусымда қол қойылған «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» заңға енгізілген түзетулерде көзделген. Жаңа редакцияға сәйкес, егер транзакция күмән тудырса, ұйым ақша аударымын уақытша тоқтатуға және клиенттен растаушы ақпарат сұратуға құқылы. Егер қолданушы түсініктеме бермесе, шот немесе электрондық әмиян мән-жайды анықтағанға дейін бұғатталуы мүмкін.

САЛДАРЫ

Егер операция қауіпсіз деп танылса, банк клиент қаражатын пайдалана алады. Ал егер транзакция расымен алаяқтық сипатта болса клиент туралы ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі және ол күмәнді операциялар базасына енгізіледі.