Митинг символы – фотода ту ұстаған ер адамның есімі белгілі болды

Ulysmedia

Әлеуметтік желі қолданушысы Аня Шөкеева қаңтардағы митингтердің символына айналған фотота ту ұстаған ер адамның Берік Әбішев атты азамат екенін жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Ол тірі! Қазақстанның туын көтеріп, гранатпен атқылаған кезде алаңда жүрген жігіт – алматылық белсенді Берік Әбішев. Наразылық кезінде ол басынан жарақат алып, бүнінге дейін ес-түссіз жатқан. Қазір ғана есін жиды. Бірақ оның қайда екені белгісіз», - деп жазады Аня Шөкеева.

Басынан жарақат алған Берік есін толық білмейді. Оқ оның басын жанап өткені айтылады.

Айта кетсек, көз жасаурататын гранат атылған кезде Мемлекеттік туды ұстап, алға жүрген жігіттің видеосы мен фотосы бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде таралып кеткен болатын. Көп адам Берік Әбішевтің әрекетін қаңтардағы митингтердің символына теңеп жатыр.