Әлеуметтік желіде Астанада жұқпалы ауруға шалдыққан малдың еті сатылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алайда мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астана қаласы «Әлем» сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал етінің жеткізілгені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми мәлімдеді.
- Бүгінгі күнге дейін елордадағы сауда орталықтарында, соның ішінде «Әлем» сауда орнында жұқпалы ет өнімінің сатылуы немесе жеткізілуі туралы ешқандай факт тіркелген жоқ. Барлық жеткізілген ет өнімдері міндетті ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ, дейді ведомство өкілдері.
ДЕЗИНФЕКЦИЯ
Комитет мәліметінше, бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында кешенді дезинфекциялық жұмыстар толық аяқталған. Қауіпті ет өнімдері белгіленген санитарлық тәртіппен жойылды. Тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр.