Газадағы соғыс: Израиль мен ХАМАС келісімге келе ме

Ulysmedia
Фото: UN News

ХАМАС Израильмен Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

2 шілдеде АҚШ пен Еуроодақ террористік ұйым деп таныған палестиналық ХАМАС ұйымы АҚШ президенті Дональд Трмап ұсынған соғысты тоқтату жоспарын «зерттеп жатқанын» хабарлады. ХАМАС ұсынысты Қатар мен Египеттің араағайындығымен қабылдағанын растады.

ХАМАС бейбіт келісімнің негізгі шарты ретінде Израиль әскерін Газа аумағынан толықтай шығарылсын деп талап қойып отыр.

Израиль ұстанымы

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС жою керек деді. Ол «ХАМАС енді болмайды. ХАМАС тарихта ғана қалады» деп мәлімдеді.

АҚШ-тың ескертуі

Бұған дейін Дональд Трмап Израиль Газадағы соғысты 60 күнге тоқтату туралы келісімді мақұлдағанын айтқан. Бұған қоса ол ХАМАС келісімді қабылдайды деп үміттенетінін, олай болмаған жағдайда жағдай одан сайын ушығатынын ескерткен.

Тұтқиылдан шабуыл және Израиль операциясы

Израильде ХАМАС-қа қарсы соғысты аяқтауды талап еткен қоғамдық қысым артып келеді. Бұл әскери операция 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС Израильге тұтқиылдан шабуыл жасап, 1200-ден астам израильдікті өлтіріп, 250-ден аса адамды тұтқындап, Газа секторына күштеп алып кеткеннен кейін басталған. Израиль оппозициясы, тіпті билеуші коалицияның бір бөлігі қарсы болған жағдайда да, ХАМАС-пен мәмілеге келуді қолдауға дайын екенін мәлімдеген. Израиль билігінің болжамы бойынша, Газада ХАМАС-тың қолында қалып отырған 50 шақты адамның шамамен 20-сы әлі тірі болуы мүмкін.