Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Кәрім Көкірекбаев пен А.-ға Қылмыстық кодекстің 366-бабы, ал П.-ға 195 және 367-баптары бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ
Көкірекпаев пен А. лауазымды тұлғалар бола отырып, ТОО директоры П.-мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. Сондай-ақ, П. шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған.
Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ШЕШІМІ
Алқабилердің үкімімен Көкірекпаев пен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал П. – 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
СОТ ҮКІМІ
Сот үкімімен Көкірекпаев12 жылға, А. мен П.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ЕСКЕ САЛАЙЫҚ
2022 жылдың желтоқсан айының соңында "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды. Ол BAZIS CONSTRUCTION - INFR филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікке ілінген.
Кейін Жамбыл облысының экс әкімі Кәрім Көкірекбаевты алқабилер соты ақтап алған.
Арада екі аптадан астам уақыт өткенде үкім күшін жойып Көкірекбаев қайтадан қамауға алынған.