Qurt (шын аты – Дамир Қойшубаев) лақап атымен белгісі қазақстандық рэпер әйеліне күш қолданды деген күдікке ілікті. Бұл туралы жәбірленуші Аружан әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Аружанның айтуынша, оқиға 27 маусым күні болған. Ол сол күні бірнеше сағат бойы күйеуінің белдікпен ұрып-соққанын айтады. Оның жанұшыра көмек сұраған дауысына көршілері келіп, араша түскен.
– Мен оны қатты жақсы көргендіктен, бұл жағдайды көпке жариялауға қорықтым. Бірақ оның қылығына еш өкінбейтінін көрдім. Денедегі жарақаттар бар, ертең ресми түрде арыз жазамын. Ол достарымен бірге келіп, мені видеода оған еш кінә артпайтынымды айтқызуға мәжбүрледі. Кейбір достары маған қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Не істерімді білмеймін, – деп жазды Аружан.
Сондай-ақ, ол қазір адвокат табуға мұқтаж екенін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі таңда оқиғаға қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме бермеді.