Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Сырым Қаржас
gov.kz

 Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ол бұған дейін атқарған Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

ӨМІРБАЯН

Арман Исетов 1975 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысында дүниеге келген.

1993-1998 жылдары әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде білім алған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің басқарма басшысы;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақтық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы;
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары;

 

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;

 

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының иұрақты өкілінің бірінші орынбасары;

 

  • Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы тұрақты өкілі;

 

  • Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.