Белгілі актер Төлеубек Аралбай қайтыс болды

Ulysmedia

Қаралы хабарды фейсбуктегі парақшасында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бүгін қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға душар болды. Елімізге белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай дүниеден озды. Бұл қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым», - деп жазды министр.

Төлеубек Мұхамеджанұлы саналы ғұмырын қазақ театры мен киносын дамыту ісіне арнаған. Еліміздің мәдениеті мен руханиятын өсіп-өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан. Сахнада сомдаған және фильмдерде ойнаған бірегей рөлдері арқылы көрермен жүрегінің төрінен өшпес орын алған.