Қазақстандық белгілі кинорежиссер, сценарист Сламбек Тәуекел қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Белгілі кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сламбек Тәуекелдің дүниеден өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі режиссердің отбасы мен туған-туыстарына, барша әріптесіне көңіл айтты.
– Отандық кино тарихында, өнер мен мәдениет шежіресінде жарқын із қалдырған ардақты азаматтың ғибратты ғұмыры халқының жадында мәңгілік сақталады, – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.
Сламбек Тәуекел – қазақ киноөнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Тарихи-көркем фильмдердің бірқатарын дүниеге әкелген кәсіби режиссер, білікті сценарист әрі продюсер ретінде ұлттық руханияттың өркендеуіне еңбек сіңірген өнер қайраткері. Сонымен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарды.