Қазақстанның 11 өңірінде төтенше өрт қаупі бар

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК елдің бірқатар облыста өрт қаупіне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, жоғары өрт қаупі келесі өңірлерде күтіледі:

  • Маңғыстау,
  • Атырау облысының оңтүстігі мен батысы,
  • Ақмола облысының батысы,
  •  Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі,
  • Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы,
  • сондай-ақ Ұлытау облысының орталық бөлігінде.

Төтенше өрт қаупі мына өңірлерде болжанып отыр:

  • Алматы,
  • Жамбыл,
  • Қызылорда,
  • Түркістан,
  • Жетісу,
  • Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігі,
  • Ұлытау,
  • Ақтөбе облысының орталығы,
  • Маңғыстау облысының солтүстік-батысы,
  • Қостанай облысының оңтүстік-батысы,
  • және Абай облысының оңтүстігі.