Алматы әуежайында бала ойнап жүріп шыны қалқаға соғылып қалған. Сынықтардың бірі оның маңдайына тиген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Куәгерлердің айтуынша, баланың жасы шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде күні Алматы – Шымкент рейсін күту кезінде болған.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бала перронға шығатын есік жаққа жүгіріп бара жатып, витражды шыны қалқаны байқамай қалған.
— Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін және жедел жәрдем шақырды. Кезекші медицина қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баланының жағдайы жақсы.
Әуежай әкімшілігі емдеу шығындарының барлығын өз мойнына алғанын атап өтті.