Алматы облысында баланы көлікпен қағып кеткен экс-полицей ұсталды

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған экс-полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

4 шілде күні Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі велосипетпен келе жатқан алты жастағы баланы қағып кеткен. Кейіннен балаға көмектеспей, оқиға орнынан кетіп қалған.

– 6 шілдеде көлік жүргізген 42 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады облыстық полиция.

Полиция дерегінше, күдікті бұрын полиция қызметкері болған. Бірақ жұмыстан шығарылған.