Трамп Путинмен әңгімелескеннен кейін көңілі қалғанын мойындады

Сырым Қаржас
Global Look Press

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін көңілі қалғанын айтты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұған дейін Трамп Украинадағы жағдайды реттеу барысына көңілі толмайтынын айтқан еді. Ол Путинмен телефон арқылы сөйлесу кезінде ешқандай ілгерілеуге қол жеткізе алмағанын жеткізді.

Еске салайық, қос көшбасшы 3 шілде күні телефон арқылы сөйлескен еді.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Мен президент Путинмен сөйлескеннен кейін көңілім қалды. Бұл әңгімеден кейін қатты көңілім қалды, — деп келтірді Трамптың сөзін РИА Новости агенттігі.

КОНТЕКСТ

Сондай-ақ Трамп 4 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін «жақсы әңгіме болды» деп бағалады. Оның айтуынша, «Зеленскийге қатты соққы беріліп жатыр».