BI Group Астанада балаларға арналған ең үлкен музыкалық мектеп сыйлайды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

BI Group Астанада балаларға арналған ең үлкен музыкалық мектеп сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы компания басшысы Айдын Рахымбаев хабарлады. 

- Астана - біз, биайлықтар үшін, ерекше қала. Бұл - біздің үйіміз. Осы жерде, Целиноградта, біз университетте достарымызбен танысып, кейіннен BI компаниясын құрдық. Осында ер жеттік, отбасын құрдық, балаларымыз дүниеге келді. BI компаниясының 30 жылдығына орай, акционерлермен бірге елордаға балаларға арналған ең үлкен музыкалық мектеп - BI ART өнер орталығын сыйлауды жөн көрдік. Зерттей келе, Астанада бірнеше жылдан бері ірі музыкалық мектептер салынбағанын және балалардың көбінесе өзге мекемелер жанындағы шағын үйірмелерде оқитынын білдік, дейді Рахымбаев. 

ҒИМАРАТ ТУРАЛЫ

Айдын Рахымбаев аумағы 5000 шаршы метр орталық салынып жатқанын және бұл жобаға халықаралық деңгейдегі мықты мамандар тартылатынын айтты. Аптасына бұл орталықты 1000-нан астам бала келіп, өнермен шұғылданады деп жоспарланып отыр. 

Бұл жерде балалар музыка, хореография, актерлік шеберлік пен бейнелеу өнерін үйрене алады. BI ART орталығы тек білім орны ғана емес, шығармашылықпен айналысатын адамдар - суретшілер, музыканттар және т.б. үшін тартылыс нүктесіне айналады. Олар мұнда дыбыс жазу студияларында, актерлік шеберлік бөлмелерінде, подкаст бөлмелерінде, коворкингтер мен арт-кафелерде жұмыс істейді. Ал ата-аналар мен отбасылар өз балаларының концерттерін тамашалап, бірге уақыт өткізе алады.

- Құрылыс қызу жүріп жатыр және осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда. BI ART өнер орталығы BI-дің бас кеңсесінің жанында, Сығанақ көшесінің бойында орналасады. Туған күніңмен, сүйікті қаламыз!, дейді Айдын Рахымбаев.