Олигархтардан тәркіленген 352 млн теңгелік қолсағаттар аукционға қойылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 25 дана қолсағаттың аукционға шығарылғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Лоттардың бастапқы бағасы – 352 321 714 теңге. Аукцион 2025 жылғы 31 шілде күні, Астана уақытымен сағат 12:00-де өтеді. Саудаға E-Qazyna платформасында тіркелген барлық пайдаланушылар қатыса алады.

- Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционға қатысып, қолсағаттарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдардың да аукционға қойылғаны хабарланған еді.