Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы президент резиденциясының орнына не салынатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қилыбайдың сөзінше, президент резиденциясы 225 гектар аумақты алып жатыр.
- Ақтау үшін бұл өте үлкен аумақ. Қазір бас жоспар дайындап жатырмыз. Егер бекітілсе, онда жаңа қала саламыз, мұнда модерн стиліндегі заманауи тұрғын үйлер бой көтереді, дейді облыс әкімі.
РЕЗИДЕНЦИЯ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ
Сонымен қатар, Нұрдәулет Қилыбай құрылыспен кімдер айналысатынын айтты.
– Қазір үш компаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әрине, жергілікті құрылысшылар да қатысады, өйткені олар тәжірибе жинады. Олар қазір тек Маңғыстауда емес, басқа өңірлерде де жұмыс істеп жүр. Бірақ ірі инвесторлар да қажет. Аталған үшеудің бірі түрік компаниясы, қалған екеуі шетелдік және қазақстандық компаниялардан құралған концорциум. Ал үшіншісі – ірі қазақстандық құрылыс компаниясы. Олар келіп, жерді көріп кетті. Енді сәулетшілермен бірге келулерін күтіп отырмын, дейді Қилыбай.
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.