"ҚазАзот" кәсіпорнындағы төтенше жағдайдан бірнеше адам зардап шекті

Сырым Қаржас
Lada.kz

"ҚазАзот" компаниясы кәсіпорындағы төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

“ҚазАзот” хабарлауынша, кәсіпорын аумағында болған қайғылы оқиға салдарынан бірнеше қызметкер зардап шеккен, деп жазды Lada.kz.

Алайда компания тарапы қандай нақты төтенше жағдай болғаны, сондай-ақ зардап шеккендердің саны мен жағдайы туралы нақты ақпарат бермеген.

РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ

– Біздің бастамамызбен емдеуге елдің бас реаниматологы мен термиялық күйіктер бойынша маман тартылды. Барлық медициналық шығын кәсіпорын есебінен толық өтеледі. Біз зардап шеккендердің отбасыларымен және дәрігерлермен тұрақты байланыстамыз. Қызметкерлеріміздің тезірек және толық қалпына келуі үшін қажетті барлық шараларды қолданамыз, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін де Маңғыстаудағы бір кен орнында төтенше жағдай болған еді. Оқиға орнында метан газының мөлшері жоғары болғаны анықталды.