Арнольд Шварценеггер «қызыл» түсті елемей жол апатына ұшырады

Ulysmedia

Оқиға Лос-Анжелес қаласында тіркелген, деп хабарлайды ulysmedia.kz шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Актер өзінің GMC Yukon көлігімен келе жатып, бағдармшамның қызыл түсін елемей өтіп кетпек болған. Алайда Toyota Prius автокөлілігіне соқтығысқан. Оқиға актердың үйінен бірнеше шақырым жерде болған. Соқтығыста актердың көлігі бір дөңгелегімен екінші көліктің үстіне шығып кеткен.

Жеңіл автокөліктегі әйелдің зардап шеккені хабарланып отыр. Ол басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.