Жәмішев «Қазақстан халқына» қорына қанша ақша жиналатынын айтты

Ulysmedia

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қорға шамамен 100 млрд теңге жиналатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Фото: Ашық дереккөзден

«Біздің болжамымыз бойынша, қорға 100 млрд теңге жиналады. Біз осы 100 млрд теңгеге ең бірінші кезектегі мәселелерді реттеуге тырысуымыз керек. Егер тағы 50 млрд теңге аударылса, екінші және үшінші кезектегі шаруалар шешуге болады», - деді ол.

Оның айтуынша, қор тек атаулы көмек беріп шектеліп қана қоймай, жүйелі түрде шешуге болатын мәселелерді реттеуге тырысады.