«Қазақстан халқына»: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері айлық алмайды

Ulysmedia

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында қоғамдық қордың төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қор ең алдымен өз басымдықтарын айқындап алуы керек. Екі күн бұрын қордың қамқоршылық кеңесінің ұйымдастырушылық отырысы өтті. Сол отырыста ең алдымен қордың тұжырымдамасы жасалуы керектігі шешілді», - деген Болат Жәмішев қордың бюджеті мен штаты сол алда айқындалатынын мәлім етті.

Оның айтуынша, қамқоршылық кеңесінің мүшелері ешқандай айлық алмайды. Оның барлық мүшесі қоғамдық бастама ретінде жұмыс істейді.